Я Сам



Тiлдi таңдау   Rus Русская версия | Казакша версиясы Kaz

8 (727) 227-42-42, 299-74-74
Схема проезда

«Біз балаларды өмірге және мектепке дайындаймыз!»

«Біз балаларды өмірге және мектепке дайындаймыз!»

«Біз балаларды өмірге және мектепке дайындаймыз!»

Орталық туралы

«Я сам» балалар білім беру орталығы 2008 жылдан бастап қызмет етуде.

 

 Біздің білім беру орталығымыздың басты мақсаты: баланың тұлға ерекшеліктері мен дағдыларының қалыптасуына мүмкіншілік туғызу және де интелектуалдық , жеке бас қасиеттерімен физиологиялық дамуын жүзеге асыру. Яғни тәрбие және білім беру процесі үнемі жүзеге асуда. Жұмыс жасау барысында, біз баланың жасерекшелік психологиясын, даму процесінің психофизиологиялық заңдылықтарын ескере отырып, әрбір балаға ерекше көзқараспен қарым - қатынас жасаймыз.

 

     Монтессори педагогика жүйесінде жүргізілетін жұмыстардың барлығы бақылауда жүреді. Сол себептен де білім беру орталығының ашылуына қол ұшын тигізген Голландияда оқып келген , Монтессори жүйесінде 10 жылдан астам қызмет еткен , Томск қаласының тұрғындары монтессори-педагогикасының шеберлері шақырылған болатын.

 

     2010 жылда, педагогика және психология ғылымының шебері Элизабет С.Дж.Вустра - Матийссен докторының Нидерландтан келуі бізге үлкен жетістік болды. 1969 жылдан 2006 жылға дейін Хогескул университетінде, Монтесори-педагогтарының жаттықтырушысы  профессор қызметін атқарған Элизабет С.Дж.Вустра,   Монтессори - педагогика және психология аймағындағы білімі және зерттеу жұмыстарымен бөлісті.

 

Монтессори  әдістемесі

Өз бетіммен жұмыс жасауға қолдау көрсет


 1870-1952 жылдар аралығында кішкентай балаларды тәрбиелеп оқытуға байланысты, ерекше әсерлі жүйені жер шарына кеңінен әйгілі еткен  көрнекті үздік итальяндық ғалым, дәрігер-антрополог, философ, психиатр және психолог, педагог-гуманист Мария Монтессори. Монтессори педагогикасының феномені: даму жолындағы адамға түсетін кез-келген авторитарлық қысымды жоюға тырысу және де бала табиғатына шексіз сенім  арту. Монтессори өзінің әдістемесін қалыпты табиғи жағдайда баланы бақылай отырып құрды.

 

 Бала оқытушының әрекетін тура қайталай отырып , өмір талабына үйренуі мүмкін бе? Баланың мұндай жағдайда өзін жарыққа шығару мүмкіншілігі жоқ, сол себептен де баланың нақты табиғатын тану мүмкін емес. Біздің әріптестер әр уақытта оқу мен тәжірибе ала жүріп , білімдерін жетілдіруде. Әрбір баланың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру мақсатында біз монтессори жүйесінің негізгі принциптеріне еруге тырысамыз.

 

    Монтесори білім ортасында балалар өмірге қажетті келесі төмендегі дағдыларды бойларына сіңіреді:

  1. Өз бетімен жұмыс жасау қабілеті
  2. Шыдамдылық
  3. Өз бетінше шешім қабылдап оған жауапкершілікпен қарау
  4. Талапкерлік
  5. Қоршаған ортаны сыйлау

 

       Сонымен қатар:

  • Өзінің таным белсенділігін дамыту
  • Табиғи қабілеттерін дамыту
  • Өзіне деген оң көзқарасын, сенімділігін, өзін-өзі бағалауын арттыру
  • Әлеуметтік белсенділігінің артуы
  • Оқып білуге деген сүйіспеншілігін арттыру сияқты, тұлға қасиеттері қалыптасады.

 

  АЛ ЕҢ БАСТЫСЫ,

Монтессори педагогтары, әрбір баланың ерекше дарынды тұлға екендеріне кәміл сенімде!

Монтессори жүйесінің тіршілік етуі, төмендегі  тұлға ерекшеліктерін дамытуға  себеп: өзі-өзіне  деген сенімділік, талапкерлік, жауапкершілік, білуге деген құштарлық, өзі-өзін тыңдау және таңдау мүмкіншілігі.

Жаңалықтар

...
«Я сам» білім орталығы қазақ бөліміне мектеп алды даярлық тобына 4,5-6 жастағы балаларды шақырамыз!    толығырақ »

...
Биылғы оқу жылынан бастап «ата-аналар клубы» атты жаңа бағдарлама ашылды.   толығырақ »