Я Сам



Тiлдi таңдау   Rus Русская версия | Казакша версиясы Kaz

8 (727) 227-42-42, 299-74-74
Схема проезда

«Біз балаларды өмірге және мектепке дайындаймыз!»

«Біз балаларды өмірге және мектепке дайындаймыз!»

«Біз балаларды өмірге және мектепке дайындаймыз!»

Ата-аналар клубы

Біздің жұмыс жасау мақсатымыз  ата-аналарға ерекше көңіл бөлу, сұрақтарына жауап беру, кеңес беру. Осы қарастырылған мәселелерден кейін көптеген ата-аналар өз балаларының қайталанбас ерекше тұлға екендерін көруге үйрене бастайды.

 

         Ақырғы жылдары балаға тәрбие беру процесін шығармашылық жұмыс ретінде қабылдайтын жаңа буын ата-аналары пайда бола бастады. Олар баланы  өз бетімен өмір сүру жолына ақылмен шығарып салу үшін, оны қоршаған үлкендер ең бастысы ата-анасының тәрбие және білім беруге байланысты арнайы білім мен дағдыларды сіңіруге , өзгеруге, дамуға міндетті екендерін түсінеді.

 

       Балаға «Ненің жақсы, ненің жаман?» екенін түсіндіре отырып, осы алған түсінігімен жүруге жетелеу жеткіліксіз. Осы мәселеге байланысты көптеген ата-аналарда «Қалай ғана тиімді ата-ана болуға болады?» деген сұрақ туындайды. Сұраққа жауап іздеу барысында олар арнайы психологиялық сабақтарға қатысады, бала тәрбиесіне байланысты көптеген әдебиеттер оқиды, тәжірибелі ата-аналардан үлгі алуға талпынады. Кейбір уақытта жиналған ақпарат кері көзқарас тудырып одан бетер ойландыра түседі. Орталықта ата-аналарға арналған әңгімелесу, тренинг, семинар, ойын әдістемесі арқылы өткізілетін сабақтар   балаларына басқа көзқараспен қарауға мүмкіншілік туғызады.

 

     Ата-аналар позитивті тәрбие беру әдістемесін  қолдана отырып балалармен қоса өздерінің де өзгергенін байқаған: неғұрлым әділдірек болуы, қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынас құруы, өздерінің жан дүниесін қабылдай бастауы. Бұл табиғи және маңызды процесс, себебі баланы қоршаған ересектер үлгі көрсете отырып, еліктеуге мүмкіншілік туғызатындар.

Жаңалықтар

...
«Я сам» білім орталығы қазақ бөліміне мектеп алды даярлық тобына 4,5-6 жастағы балаларды шақырамыз!    толығырақ »

...
Биылғы оқу жылынан бастап «ата-аналар клубы» атты жаңа бағдарлама ашылды.   толығырақ »