Я Сам



Тiлдi таңдау   Rus Русская версия | Казакша версиясы Kaz

8 (727) 227-42-42, 299-74-74
Схема проезда

«Біз балаларды өмірге және мектепке дайындаймыз!»

«Біз балаларды өмірге және мектепке дайындаймыз!»

«Біз балаларды өмірге және мектепке дайындаймыз!»

Орталық бағдарламалары

8 айдан 1,5 жасқа дейінгі балаларға арналған монтессори - топтары.


Сабақ аптасына 2 рет өтеді. Бөбектерге арналған даму ортасының ерекшелігі балалардың жасерекшелік психологиясын ескере отырып , көру-моторлық үйлесімділікті қалыптастыруға , көру, есту, сезу түйсіктерін дамытуға арналған  материалдарды   орталықтағы монтессори- педагогтарымен , психологтарының  әзірлегені.

 

8 айдан 1,5 жасқа дейінгі ортада монтессори педагогының негізгі қызметі  кеңес беру.  Оқыған тәжірибелі педагог-психологтың міндеті ,   анасының  түрлі материалдарды қолдана отырып,  баламен тиімді қарым-қатынас жасауына көмек беру.


               


1,5 жастан 3 жасқа дейінгі топ.


Түрлі жас аралығындағы балараға арналған сабақ  аптасына 2-3 рет өтеді.  Балалар анларымен бірге арнайы дайындалған ортада  даму материалдарын еркін таңдай отырып , жекеше жұмыс жасайды.  Бұл еркін жұмыс жасау тәжірибесінің негізін қалаған   дәрігер - педагог, итальяндық оқымысты М.Монтессори. 

 

Бала сабақта тек жекеше жұмыс жасап қана қоймай , топпен де жұмыс жасайды, мысалы: монтессори -педагогының жетекшілігімен өтетін  қысқа тақырыптық сабақ  «шеңбер»;  шеңбер  тақырыбымен үйлестіріліген  ИЗО  аумағындағы шығармашылық жұмыс ; қимыл-қозғалыс аумағындағы спорт және ән - күйге байланысты өтетін сабақтар.

 

Біздің орталық, балалар қызығушылығын арттыруға , бала  қиялын тебірентуе,  қоршаған ортаны жеке сезімі арқылы тануға, сенсорлық дамуын арттыруға мүмкіншілік туғызатын арнайы материалдарды  ұсынады. Сабақ қызықты да көңілді  өтеді.

 

Біздің жұмыс жасау мақсатымыз  ата-аналарға көп көңіл бөлу, сұрақтарына жауап бере отырып кеңес беру. Осы себептен де кейбір ата-аналар өз балаларының қайталанбас ерекше тұлға екендерін көруге үйрене бастайды.


 

 3 жастан 6 жасқа дейінгі мектепалды даярлық тобы.


Біз балалардың өмір сырын білуге деген талаптарын, таңқаларлық қабілеттерін, түйсіктерінің ашықтығын, әрбір сәттен әсерлі қуаныш ала білу мүмкіншіліктеріне қолдау көрсеткіміз келеді.


«Табиғаттың бар құпиясы, баланың ішкі дүниесінде!»- М.Монтессори.


Бұл топта түрлі жас аралығындағы балалар жұмыс  жасайды, осының арқасында бүлдіршіндер ересек балаларға талпынып, ал ересек балалар білген тәжірибелерін бүлдіршіндерге беруге тырысады. Осы себептен де балалар өз бетімен жұмыс жасауға ,өз мүмкіншіліктеріне сенімді қарауға, еркін таңдау және шешім қабылдауға қалыптасады.

 

Педагогтар әрбір баланы қадағалап , оған материал таңдауға, онымен әрі қарай жұмыс жасауға көмектеседі. Сонымен қатар педагогтар топтық сабақты да жиі өткізеді, себебі бұл жас аралығындағы балаларға бірге болу ерекше ұнайды.


                


 

                                                 

 

 

Дене бұлшық еттерін дамыту.


Бағдарламаның негізгі базасы келесі міндеттерді жүзеге асырғанда орындалады: баланың физиологиялық және психологиялық денсаулығын нығайтқанда гигиеналық және қозғалыс мәдениет негіздерін қалыптастырғанда. Бағдарламада мектепке дейінгі даярлық тобындағы балаға салауатты өмір салты , гигиеналық және қозғалыс мәдениеті жайлы түсініктерін жаңғырту қарастырылған.


            

 

               


     Би.

         Би сабағында балалар ән мен би қозғалысы арқылы ішкі дүниетанымын  ашуға үйренеді.

Жаңалықтар

...
«Я сам» білім орталығы қазақ бөліміне мектеп алды даярлық тобына 4,5-6 жастағы балаларды шақырамыз!    толығырақ »

...
Биылғы оқу жылынан бастап «ата-аналар клубы» атты жаңа бағдарлама ашылды.   толығырақ »